Имам Ғазали. Бесінші уағыз.
Имам Ғазали.  Бесінші уағыз.
13 сағат бұрын 175
islam.kz

Бесінші өсиет

Алла Тағала айтады: «Әй, Адам баласы! Тәубесін кешеуілдетіп, бос үмітін ұзаққа созатындардан, сондай-ақ ізгі амал қылмай тұрып, ақыреттің игілігінен үміт ететіндерден болма! Ондайлар құлшылық етушілердің сөзін сөйлейді де, екіжүзділердің (мұнафықтардың) ісін істейді. Берілсе — қанағат қылмайды, бұйырмаса — сабыр етпейді. Жақсылыққа бұйырады, бірақ өзі оны орындамайды. Жамандықтан қайтарады, бірақ өзі одан тыйылмайды. Ізгі жандарды жақсы көреді, бірақ өзі олардың қатарынан емес; екіжүзділерді жек көреді, бірақ өзі де солардың бірі. Ол орындамайтын сөзін айтады және бұйырылмаған жамандықтарды жасайды. Бұйырған хақты талап етіп толық алады да, өзіне жүктелген міндетті толық өтемейді.

Әй, Адам баласы! Әрбір жаңа күн туған сайын жер саған тіл қатып, былай дейді: «Әй, Адам баласы! Бүгін үстімде шалқып басып жүрсің, ертең бауырыма кіріп қайғырасың. Үстімде нәпсің қалаған тәттіні жейсің, ал бауырымда сені құрт-құмырсқа жейді».

Әй, Адам баласы! Мен (жер) — үрей мен үрейлі жалғыздықтың үйімін, мен — сұрақ пен жауаптың үйімін, мен — қараңғылықтың үйімін, мен — жыландар мен шаяндардың ордасымын. Солай екен, ішімді (ізгі амалыңмен) көркейтіп кел, мені қирататын күнәлармен келме!».


 

Имам Ғазали: "Құдси хадистерден уағыздар". 

 

0 пікір