Имам Ғазали. Тоғызыншы уағыз.
Имам Ғазали. Тоғызыншы уағыз.
12 сағаттан соң 149
Имам Ғазали: "Құдси хадистерден уағыздар"

Тоғызыншы өсиет

Алла Тағала айтады: «Әй, Адам баласы! Жаратылғандарға қарғыс айтпаңдар, әйтпесе ол қарғыс өз бастарыңа қайтып келеді.

Әй, Адам баласы! Аспан әлемі Менің есімдерімнің біреуімен-ақ ешқандай діңгексіз ауада тік тұр, ал сендердің жүректерің Менің Кітабымдағы мыңдаған өсиеттен де түзелмей-ақ қойды.

Әй, адамдар! Тас суға салғанмен жұмсармайтыны сияқты, көркем өсиет те қатайған жүректерге әсер етпейді.

Әй, Адам баласы! Алланың құлымыз деп куәлік бересіңдер де, содан соң Оған қалайша ашық қарсы келесіңдер? Өлімнің хақ екенін айтасыңдар да, оны қалайша жек көрсеңдер? Өздерің білмейтін нәрсені тілдеріңмен айтасыңдар да, оны жеңіл нәрсе санайсыңдар, ал ол нәрсе Алланың алдында өте үлкен (ауыр күнә)!»


 

Имам Ғазали: "Құдси хадистерден уағыздар"


 

0 пікір