Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
Бостандықта қарсы кеп тұр,
Қалқам, сенің бағыңа.
Не керегің? Алшы! деп тұр,
Тағы да алшы, тағы да.
Күнің туды қарыштап қал,
Қалма қапы қарағым.
Бәйгі атындай жарыс сап қал,
Жасымасын талабың.
Қыр қуарып, сыр суалып,
Күйзеліп ед Алашың.
Бұл уақытта тұр қуанып,
Көріп сендей баласын.
Қайғылы еді, қам көңілді,
Сені көріп, болды шат.
Көркейт жаным, енді еліңді,
Жаңа өспірім, азамат.
Көңіл хошы, көз нұрысыз,
Еңбекшіл тап халқының.
Жарық жұлдыз, ай күнісіз,
Сәулеңді шаш, жарқыным!
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
|
Жастарға өсиет!
|
Өзекті мақалалар
■
Х. МОЛЛА МҰСА САЙРАМИ. «ТА’РИХ-И ӘМИНИЙА» ТАРИХ КІТАБЫ
■
Дуашының бес рет жасаған дуасы дарымай қойған әйелдің сыры (әңгіме)
■
Имам Ғазали: «Жүректің төрт күйі»
■
БӘСЕКЕГЕ АЙНАЛҒАН ШАҢЫРАҚ: Ерлі-зайыптылар неге бір-бірлерінің өмірін қиып жатыр?
■
40 жастан кейін сүйекті сақтау үшін жаяу жүру жеткілікті ме?
Көп оқылғандар
■
Суды қай температурада ішкен дұрыс: Ғылым не дейді?
■
Үшінші үлкен күнә: Сиқырлық (сиқыр жасау, дуалау)
■
40 жастан кейін сүйекті сақтау үшін жаяу жүру жеткілікті ме?
■
БӘСЕКЕГЕ АЙНАЛҒАН ШАҢЫРАҚ: Ерлі-зайыптылар неге бір-бірлерінің өмірін қиып жатыр?
■
«Исламның төртіншісі»: Сахаба Амр ибн Анбасаның мұсылман болуы