Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: "Баласы дін мұсылман ояныңдар!"
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: "Баласы дін мұсылман ояныңдар!"
7 жыл бұрын 9271
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,

Айырылмай жақсы менен жаман парқы.

Баласы дін мұсылман ояныңдар,

Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы.

 

Өнерге ғылым-білім болсаң жерік,

Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.

Көп жұртты көз жасыңа қылсаі куә,

Табылар мұңлы-зарлы саған серік.

 

Қазақтың қылып жүрген жұмысы

Қорқатын адам қайда Құдайынан,

Бұзық іс ойлағаны ұдайынан.

Тартылды биылғы жыл көп рахметі,

Пенденің пейілі азған сыңайынан.

 

Қуаттап алып жүрсе әркім дінін,

Өткізсе ғаділдікпен ай мен күнін.

Бұл заман айтушы бар, тыңдаушы жоқ,

Сөйлеген, хат сызғандар сөздің шынын.

 

0 пікір