Мендегі бар тілек – бір көру Жамалын
Мендегі бар тілек – бір көру Жамалын
9 жыл бұрын 3351
Ерлан Сәдуақасұлы

Жанарым жаутаңдап қауқарсыз істерім!

Көнілсіз дәл былай уайым мұң кешпедім!

Бұл өмір мәңгілік  бітпестей көрініп,

Қара бас қамы үшін бәрін де істедім!

Дүние қажет боп жігермен талпындым,

Ақиқат жолына неліктен түспедім?!

Ертеңім не болар, не болар сауалым ?

Ертеңнің қамы үшін айтшы мен не істедім?

 

Таба алман осы бір жауабын сұрақтың!

Тапсам да арылмас жоғалмас бірақ мұң!

Соңынан құл болмай алдамшы арманның,

Сынына шыдайын Хақ берген сынақтың!

Сыйлы бір қонағы, болғанда жалғанның,

Болсам ғой тұрғыны Жәннатты тұрақтың!

Мәңгілік бақытты сол кезде болармын ,

Ал пәни бақыты бір сәттік, бір-ақ күн!

 

Бүтін боп, ертеңге құлшылық амалым,

Парызды  өтесем нұрланар жанарым.

Құранда айтылған үкіммен күн кешіп,

Адамдық міндетпен Хақ Нұрын табамын!

Жаратқан Раббыма арналса мадақ – жыр,

Туралық бағытқа жол бастар қадамым!

Шіркін ай Жәннаттан орын ап мәңгілік,

Бір көрсем арман жоқ Алланың Жамалын!

0 пікір