Нәпсіқұмар сипаты
Нәпсіқұмар сипаты
7 жыл бұрын 3473
Ерлан Сәдуақасұлы

Ойлайсыз ба, болар деп, өлімді ада?

Келері хақ, момынға да, залымға да!

Ақыретке көшкенде бірге ізіңмен,

Еріп барар амалың мен кебін ғана.

 

Бар амал мен парыздардан сұраласың,

Өтелмесе азаптардан мұң аласың.

Құдайсыз боп босқа өтсе өмір бекер

Адамдардың көл етер, күнә, жасын.

"Жерге жібер, құлшылық етемін" деп,

Пайда бар ма кеш өкініп, жылағасын?

 

Сайтанға еріп, сайранды құрмаңыздар,

Уақытты бос ысырап қылмаңыздар.

О бастан, әлімсақтан мұсылман боп,

Ақылмен жаратылған тұлғамыз бар.

Қанша сынақ келсе де сабыр етіп,

Иманменен ақылды шыңдаңыздар!

Дүние мен  байлыққа кенелтсе де,

Адасқан жаққа мойын бұрмаңыздар!

Құлшылық ету керек, өлмей тұрып,

Баға жетпес шегі жоқ, Бір маңыз бар!

Азғырып сайтан келсе, арам ой сап,

Алданып, нәпсіге құл болмаңыздар!

Нәпсіқұмар –  қасірет, азабы ауыр,

Баяндайын, ендеше,  тыңдаңыздар!

 

Адал менен арамды айыра алмай,

Жарлығын Жаратқанның ойына алмай,

Иман жайын баяндасаң мойын бұрмас,

Уайымы жоқ жәннатта жайы бардай,

Байлыққұмар өтеді сараң болып,

Дүниелік қасіреттен айыға алмай.

Ар, иманмен  ұштаспас ешбір ісі,

Нәпсі үшін жаратылған хайуандай.

 

Дүние көрсе жасырмас таңданысын,

Нәпсі-сайтан билеген ар намысын,

Ақыреттің амалдарын сырып тастар,

Өткінші өмір ләззатын алмақ үшін.

Адамдарға аяусыздық танытпайтын,

Көрдік қой, көп сайтанның салдақысын!

Тонап жүр жымқырып құлқы тоймас,

Жалғанның шонжары болмақ үшін.

Құдайсыздар әлемде қаптап  жатыр,

Арам оймен жоспарлайтын алдағы ісін!

Болмаса егер адамдықпен ақыл-санаң,

Жоғалтасың өміріңнің бар мәнісін!

Тәубе етпей, өліп кетсең, ақыретте,

Ауырлар әр күнәнің салмағы шын.

Ақылды иман, иманы бар ақыл керек,

Шынайы адам кейпінде қалмақ үшін.

Иманнан асқан байлық табылар ма?

Ақыретте шын бақытты  болмақ үшін!                                                                                                           

0 пікір