Ойлағанда жәннаттағы мәңгі жайды
Ойлағанда жәннаттағы мәңгі жайды
8 жыл бұрын 3371
Ерлан Садуақасұлы

Ойлағанда Жәннаттағы мәңгі жайды,

Қайран көңлің қалайша шалқымайды?

Жүректер иман нәрін сезген кезде,

Арың нәпсі істерінен безген кезде,

Құлшылық қып көздер де қалғымайды!

Хақ парызын өтеуді еш, ар қылмайды!

Амал етіп сауаптарды терген кезде,

Ақиқатты тек жүрекпен көрген кезде

Болмашы істі мақсатпен сән кылмайды!

Өткінші өмір мансабын мән қылмайды!

Ықыласпен Жаратқанға сенген кезде

Шүкір етпес тәубесізді көрген кезде,

Сонда ғана, қайғырып қан жылайды!

Әрбір сәтін Раббысы үшін арнап тұрар!

Шыншыл мүмін ақиқатқа болмақ құмар!

Пайғамбарлық өсиетпен аманаттың,

Мүддесін қорғау үшін адамзаттың,

Ұрпақтан ұрпаққа әркез жалғап тұрар!

Ақиқатты ақылменен білетіндер,

Жәннат баққа ең бірінші кіретіндер,

Алла алдында абыройлы ардақтылар!

Шыншыл тақуа, сабырлы салмақтылар!

Хақ Исламның қадірі мен құнын білер,

Шыншыл ғалым ізденпаз білімділер!

Дін Исламның абыройын қорғап тұрар!

0 пікір