01.04.2022 8410 Ойтамшы
Маймыл мен есектің таласы (ғибрат)

"Маймыл мен есек шөптің түсі жайында дауласып қалыпты. Маймыл "шөптің түсі жасыл" десе, есек "түсі көк" деп қоймапты. Осылай дауласа-дауласа екеуі арыстанға келеді. Арыстан "есектікі дұрыс" деген байлам жасап, ал маймылға болса бір жыл бойы орманнан қуылсын деген жаза тағайындайды.

Сөйтіп, не керек, маймыл орманнан кетуге ыңғайланған кезде арыстан оған: "Шөптің түсі жасыл екенін, біз бәріміз білеміз. Бірақ, сен есекпен сөз таластырдың, сол үшін саған сондай жаза бердім!" - деген екен.

«Арабша тәмсіл».
1 пікір
  • Ассаламагалейкум курметты Абдуссамат Касым осы сайтка билгенге маржан аудио нускасын салсаныздар, себебы ол жерде карапайым адамга тусиникти ари отимди етип айтылган. Рахмет.
    7 ай бұрын