Абдусамат Қасым
Күмәнсіз нәрсені ал!
9 жыл бұрын 2601
2 пікір
  • Ассалаумағалейкум! Мен жалпы етті көбіне өзім таңдап арнайы орындардан сатып алатынмын, бірақ кейде алдыңа базардың еті қойылатын кездер де кездесіп жатады, оның қандай жолмен сойылғанына күмәнің бола тұра, ұсынған адамның көңіліне тиіп қалмау немесе тыныштықты сақтау мақсатында оны жеуге тура келеді. Осындай жағдайларда қалай болғаны дұрыс. Алла разы болсын!!!
    9 жыл бұрын
    • Уағалейкум әссәләм! Сұрағыңызға Пайғамбарымыздың мына бір хадисі нақты жауап болады деп ойлаймын: «Сахих Бухариде» келген хадисте Айша анамыздан жеткен риуаятта сахабалар Алланың Елшісінен (с.а.у): «Бізге кейде біреулер ет алып келеді. Бірақ ол еттің бисмилләмен сойылғанын немесе сойылмағанын білмейміз?», – деп сұрайды.Сонда әрдайым үмметінің жағдайын ойлайтын Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «Бисмилләны» айтып жей беріңдер», – деп жауап берді»[3]. Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандардың сойған еті жайында жеңілдік танытып, арам екендігін нақты білмейтін болсақ, оның адалдығына үкім беретіндігін астарлап тұр.
      9 жыл бұрын