|
5 тәулік бойы үзбей Құран оқылады
|
Мамыр айының 5-нен бастап, Шешенстанның мұсылмандар құлшылық үйлерінде Құран оқу басталады. Ал Грозный қаласындағы «Шешенстан жүрегі» деп аталатын бас мешітте бес тәулік бойы күндіз-түні қасиетті Құран оқылады. Бұл жыл сайын мамырдың 10-ы күні аталып өтетін Шешен халқын еске алу мен азалау күніне орай қолға алынатын шаралардың бірегейі. Сондай-ақ, Шешенстанның түкпір-түкпірінде шешен халқын еске алу мен азалау тақырыбында үстелбасы әңгімелер, азаматтық пен қайсарлықты дәріптейтін шаралар өтіп, мектеп қабырғаларында винкториналық сұрақтар ұйымдастырылады. Бұл күн 2011 жылдан бастап Шешенстан Республикасының басшысы Рамазан Қадыровтың пәрменімен аталып келеді, шешен халқының тарихындағы қаралы күндерге арналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды