|
Ауызашар навигаторы іске қосылады
|
"HalalGuide" ислам қызметі мұсылман қауымына алдағы Рамазан айында ауызашар жасауға болатын дәмханаларды оңай табуға көмектесетін жаңа жүйені іске қосады.
Ресейдегі HalalGuide жобасының жетекшісі әрі негізін қалаушы Айрат Қасымовтың айтуынша, навигатор Рамазан қарсаңында қосылады.
«Біз "HalalGuide" қызметінде ауызашар жасауға ыңғайлы барлық дәмхана, асхана мекенжайларын қамтысақ деп отырмыз. Одан бөлек, дәмханадағы бос орындар мен оған алдын ала тапсырыс беру тетіктерін де үйлестірсу жоспарда бар. Сондай-ақ, тағам түрлері бойынша да қызметтерді қосуға күш саламыз» деп атап өтті А.Қасымов.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды