|
6 жылда Йеменде 10 мыңнан аса бала көктей солған
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық балалар қоры (UNICEF) алты жылға созылған соғыстан опат болған балалар санын жариялады. Аталмыш ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, 2015 жылдан бері Йеменде көтерілісшілер мен биліктың қарулы қақтығысынан 10 мыңнан аса бала жер жастанған. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. UNICEF баспасөз хатшысы Джеймс Элдер Женева қаласында өткен брифингте күн сайын 4 бала көз жұматынын алға тартып отыр. Осылай деген ол 400 мыңға тарта йемендік баланың ашқұрсақ өмір сүріп жатқанын жеткізді. Екі млн бала мектепке бармайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды