Адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады
Адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады
2 жыл бұрын 1520 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемде адамдрдың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауа сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген талапқа сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда ауа сапасына әлемнің 117 елінде мониторинг жүргізіліп келеді. Мамандар ауадағы азот диоксиді мен күлдей шаң-тозаңның шоғрлану деңгейін өлшеп жүр. Экономикасы дамыған елдердегі қалалардың тек 17%-ның ауа сапасы ДДСҰ белгілеген талаптарға сай келеді. Ал табысы орташа немесе төмен мемлекеттердегі ірі елді-мекендердің бұл талапқа сай келетіндерінің саны тіпті 1%-ға да жетпейді. Осы орайда ауа құрамындағы қатты заттар адамдардың өкпесіне еніп, қан жүйесіне өтетінін айта кету керек. Бұл жайт өз кезегінде респираторлық (тыныс алу жолдары), жүрек-қан тамыр ауруларын тудырып, инсультке ұрындырады. Мәселен, PM2,5 қатты бөлшектің жүрек-қан тамыр ауруларына, азот диоксидінің (NO₂) респираторлық  ауруға, соның ішінде демікпе дертіне ұшырату қатері жоғары келеді. ДДСҰ дерегіне сәйкес жыл сайын 13 млн аса өлім-жітім осы аталған экологиялық фактіден болып жатады.

0 пікір
Мұрағат