Қытайдан Еуропаға жаңа маршрут ашылды
Қытайдан Еуропаға жаңа маршрут ашылды
2 жыл бұрын 1559 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Pavel Mikheyev / Reuters

Қытай Германияға апарар теміржол желісін іске қосты. Бұл жайында islam.kz поралы Сhina.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл теміржол желісі Ресейді айналып өтіп, Германияның Мангейм қаласына дейін жеткізеді. 11 300 шақырымға созылатын жаңа маршрут Қазақстан, Әзірбайжан, Румыния, Венгрия, Словакия және Чехия мемлекеттерінің аумағынан, сондай-ақ, Каспи мен Қара теңізді комбинацияланған теміржол және теңіз тасымалдау жүйесінің көмегімен қиып өтеді. Осы жылдың сәуір айының 13-і күнінен бастап Қытайдың Сиан қаласынан спорт тауарлары тиелген алғашқы пойыз аттанды. Қытай билігі осылайша стратегиялық маңызы зор маршрутты, дәлірегі, тек бір елдің аумағынан (Ресей) кәрі құрлыққа өтетін маршрутты әртараптандыру саясатында жетістікке жетті. Қытай билігінің бұл қадамы тек стратегиялық маңызы зор дәліз қалыптастыру саясатында Ресейге кіріптар болудан құтқарып қоймай, сонымен қатар, тауар жеткізу мерзімі мен жол шығынын қысқартуға мүмкіндік береді. Қытайдан Еуропаға қатынайтын пойыз осы уақытқа дейін бұрын Қытай тарапынан мұндай жобаға атсалыспаған аймақтар мен елдерді де қамтыған. «Жуйан» халықаралық логистикасының Сиандағы компаниясының өкілдері жаңа маршрут арқылы жүк тасымалдау тиімділігі артатынын алға тартып отыр. Тек жол қысқарып қоймай, жол шығыны да азаймақ. Бұл жайт өз кезегінде күрделі әрі төтенше жағдайларда экспорт әлеуетін сақтап қалуға көмектеседі. Мұндай маршрут 2015 жылы да ашылған болатын. Бұл маршрут та Қытайға Ресейді айналып өтуіне мүмкіндік береді. Осылайша Ресейдің Транссібір магистраліне бәсеке болатын Транскаспи жобасы («Жібек жол желі» деген атауға ие болған маршрут турасында сөз болып отыр бұл арада) дүниеге келген еді. Бұл маршрут Қытайдың Үрімші қаласынан басталатын теміржол желісі еліміздегі Достық маршруты мен Ақтаудағы айлақ арқылы Әзірбайжан аумағынан өтіп, грузиндердің Батуми елді-мекенінен Стамбұлға бағыт алады. Бұл жооба 2012 жылдың соңына таман Еуроодақтың Қара теңіз, Оңтүстік Кавказ және Орта Азия аймақтарымен арадағы халықаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған TRACECA жол-логистикалық жобасы аясында қолға алынған еді. Бұл жоба Қытайдан Еуропаға теңіз арқылы тасымалданатын жүкті жеткізу  мерзімін қысқартты. Мәселен, теңіз арқылы Қытайдан Еуропаға 40-45 күн кетсе, аталған маршрут арқылы 8-10 күнде жеткізілетін болған. Транскаспи маршруты жыл сайын 27,5 млн тонна жүкті өткізуге қабілетті.

 

0 пікір
Мұрағат