|
Африкалық патша мұсылмандарға үндеу тастады
|
Африка құрлығында орын тепкен Бенин мемлекетінің монархы Омо Н’Оба Н’Эдо Уко Акполокполо Эвуаре II Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күніне, яғни, мәулітке орай елдегі азшылықты құрайтын мұсылман жамағатына (Бениндегі мұсылмандар қарасы ел тұрғындарының санына шаққанда шамамен 28%-ды құрайды) үндеу тастады. Ол мұсылмандарды мәулітпен құттықтап, Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі өмірін үлгі тұтып, мейріміділіктен ауытқымауға шақырды. Сөз соңын ол күтпеген өтінішпен аяқтады: ол 2019 жылы ел аумағында өтетін сайлаудың әділ өтуі үшін дұға етуін сұрады. Бұл жайында Vanguard Nigeria ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды