Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі
Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі
5 жыл бұрын 4920 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы жыл сайын адамзаттың өмір деңгейі туралы дерек жариялап жатады. Биыл ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылықтың себептерін ашуға тырысыпты. ""ДДҰ-ның 2019 жылғы статистикасы өз тарихын санмен жазғанына қарамастан оның салдары нақты адамдарға қатысты екенін ескеру маңызды" деп атап өтті ДДҰ жетекшісі  Адханом Гебрейесус (Tedros Adhanom Ghebreyesus) кіріспе сөзінде. 

Негізгі тұжырымдар: 

1. Қыздарға қарағанда ер балалар көп туады, алайда, уақыт өте келе арақатынасы өзгереді.

Биыл ДДҰ есебі бойынша әлемде 141 млн бала өмірге келген, 73 млн ер бала, 68 млн қыз бала. Яғни, 100 қызға 107 ұл баладан келеді. Алайда, ерлер әйелдерге қарағанда аз ғұмыр сүретіндіктен бұл арақатынас өзгереді. 2016 жылы 50-54 жастағылар арасында ерлер мен әйелдер арасында аталмыш айырмашылық жойылып, ерлер мен әйелдер саны теңесті. Ал 60-64 жастағылар арасында әйелдер қарасы көп болып шықты ерлерге қарағанда: 100 әйелге 95 ер-азаматтан келген. Адам жасы ұлғайған сайын бұл айырмашылық әйелдер пайдасына артып отырған. 

2. Әйелдер ұзақ өмір сүріп қоймай, қарттық шағында да денсаулығы мықты болып қалады. 

Бүгінгі таңда ер-азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан аспайды, ал әйелдердікі - 74 жас. Яғни, әйелдер шамамен 4 жылдан аса ұзақ өмір сүреді ерлерге қарағанда. 

3. Ер-азаматтардың ерте өлуінің көптеген себептері бар.

Ер-азаматтардың ерте өмірден озуына түрткі болатын 40 себептің 33-і ерлердің өмір сұру ұзақтығына қатты әсер етеді. Негізгілері: 

- жүректің ишемиялық аурулары;

- жол-көлік оқиғасынан, яғни, көлік апатынан;

- өкпе обыры, т.б. 

4. Дамыған елдерде дамушы елдерге қарағанда өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық үлкен.

Кедей елдерде ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық аз. Бұл ең алдымен кедей елдердегі аяғы ауыр әйелдердің жағдай жасалмауынан көп өлетіндігімен байланысты екенін айта кету керек.Табысы төмен елдердің 90%-да 1000әйелге бар-жоғы тек 4 акушеркадан ғана келеді. Бүгінгі таңда кедей елдерде жүктіліктен немесе босанудан әрбір әлемдегі әрбір 41-ші әйел бақилық болып жатады. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш: 3500 жүкті әйелден тек біреуі ғана бақилық болады екен. Сондай-ақ, экономикасы кенжелеп қалған елдерде адамдардың дені әйел, еркек деп талғап жатпайтын инфекциялық аурулардан көз жұмып жатады. Бай елдерде адамның өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық мынадай факторларға негізделген: экология, саламатты өмір салтын ұстанбауы. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 2016 жылы ерлер әйелдерге қарағанда бес есе жиі шеккен шылымды, ал ішімдікті төрт есе жиі ішкен. Бұдан бөлек, ең ауыр әрі қауіпті жұмыс істейтін ерлердің өндірісте жазатайым оқиғадан көз жұмып жатады. 

Десе де әйелдер басындағы кеп те оңып тұрған жоқ: әлем бойынша зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің құрбаны болып, көз жұматындар қарасы көп. 2013 жылы әлемдегі әйелдердің 35%-ы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. 

5.Әйелдерге қарағанда ер-азаматтар денсаулығына немқұрайды қарайды.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат