Әлем бойынша қартаю процесі қарқын алып келеді
Әлем бойынша қартаю процесі қарқын алып келеді
2 жыл бұрын 1939 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Демографтардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлем бойынша жасы 65-тен асқан қарттар қарасы екі есеге өседі – 1,5 млрд адамға немесе әлем тұрғындарының жалпы санына шаққанда 22 пайызға артады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш проблемаға әлем қауымдастығының назарын аудару үшін Біріккен ұлттар Ұйымы 1990 жылы қазан айының 1-і күнін Халықаралық қарттар күні етіп белгіледі. Осыған орай БҰҰ қарттарға қатысты стратегияны қалыптастыруға әрі барлық жастағы адамдар үшін цифрлы теңдікке қол жеткізуге үндеп отыр. БҰҰ дерегіне қарағанда, қарттар қарасы Азия, Еуропа және Солтүстік Америка құрлықтарында көп. 1999 жылы адамзат қарасы 6 млрд-қа жетсе, бұл көрсеткіш 2010 ылы 7 млрд-ты құрады. 2021 жылы – 7,8 млрд адам. БҰҰ мәліметі бойынша 1950-ші жылдардан бастап 2010 жылға дейінгі өмір сүру ұзақтығы 46 жастан 68 жасқа ұлғайды.Ал 2019 ылы әлем бойынша жасы 65-тен асқандар қарасы 703 млн адамға жетті. Бұл тарапта оңтүстік-шығыс Азия елдері көш басынан көрінді – 261 млн адам. Одан кейінгі орынға қарт құрлық (Еуропа) мен Солтүстік Америка жайғасқан – 200 млн-нан асады. «Statista» ресурсының келтірген мағлұматы бойынша әлем тұрғындарының 26 пайызын 15 жастағы және одан төмен жастағылар құраған, ал 10 пайызы – жасы 65 және одан жоғарылар.

0 пікір
Мұрағат