Әлем халықтарының ауызашар дастарханы (фото)
Әлем халықтарының ауызашар дастарханы (фото)
9 жыл бұрын 11939 muslim.kz

Әлемнің қай түкпірінде болмасын, ауызашар дастарханының басты тағамы ол – құрма. Содан соң су және жеміс-жидек түрлері, сүт, тәтті шырындар.

Дегенмен, ыстық тамақ түрлері әлемнің әр елінде әртүрлі болып келетініні сөзсіз. Сондай-ақ, атауы бір болғанымен, әр аймақтарда әртүрлі болып дайындалатын тағам түрлері де баршылық. Немесе керісінше, бір тағамның атауы әр елде әртүрлі болып аталуы да мүмкін. Мысалға, Хайдарабад аймағында рамазан айында көп даярланатын «Халим» деген тағам түрі Әзірбайжанда «Амбал аши» деп аталады. Алайда, қос аймақта да бұл тағамды дайындау үшін бидай, арпа, жасымық, және ет қосылады.

Ал, Керала және Тамил-Наду штатында ауызашар дастарханына көбіне көп ет пен көкеністен даярланатын «Номбу канджи» тағым қойылатын көрінеді.

Сондай-ақ, бұл аймақтарда ауызашар дастарханының негізгі тағамдарының бірі ретінде күріштен жасалатын «Пулао» және «Бирьяниды» атауға болады.

Пулао дегеніміз кәдімгі палаудың вегетериандық түрі. Мысалға, «Матар пулао» жасыл бұршақ пен панирден жасалса, «Гаджар пулао» дайындау үшін кокос пен сәбіз қажет. Ал, «Кесар панир пулао» қызғылт түсті күріш пен панир және басқа қоспалар арқылы жасалады.

Мысалға, Ауғанстанда ауызашар дастарханында міндетті сорпа, кебаб және пулао болуы тиіс.

Ал, Пәкістан мен Бангладеш мемлекеттерінде ауызашар дастарханының сәнін халим, ішіне түрлі дәмдеуіштер салынған нан, ет карри, жеміс салаттары мен кәуаптар кіргізеді.

Мусульмане Кашмира готовят еду для ифтара

Кашмир мұсылмандары ауызашарға дайындалуда.

Ахмедабад, Индия

Ахмедабад, Үндістан

Пакистанец выпекает традиционные лепешки в Пешаваре

Пәкістандық аспаз өздерінің дәстүрлі шелпектерін дайындау үстінде. Пешавар қаласы

Ифтар в Дакке, Бангладеш

Дакка қаласындағы ауызашар сәті, Бангладеш

Египет.

Мысыр елі

Очередь за фруктовым соком в Египте.

Жеміс шырынына кезек тұрғандар. Мысыр

Ифтар в Катаре.

Катардағы ауызашар

0 пікір
Мұрағат