Селфимания (видео)
Селфимания (видео)
9 жыл бұрын 3976

Ресей ғалымдары, зиялылары кейінгі кезде түрлі жағдайда, оның ішінде қатерлі жағдайларда фото-суретке түсуге деген әуесқойлықтың шектен шыққанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, олар қатерлі (экстремалды) жағдайларда селфи жасаудың әдетке айналып, соның кесірінен жастар арасында қыршынынан қиылғандар қарасының артып бара жатқанынан алаңдап, дабыл қағуда. Ресей зиялылары селфиді ішімдікке, есірткіге, компьютерге тәуелділіктер қатарына жатқызып, арнайы емдеу орындарын ашуды мәселе етіп көтеріп отыр. Яғни, суретке түсе алмаса тұра алмайтындарды есепке алып, психологтардың көмегімен емдеу шараларын қолға алуды ұсынуда.

 

Селфиге арналған сырығына жай түсіп ажал құшты

The Independent

Шілде айының 5-і күні Ұлыбританияның Уэльс графтығының оңтүстігінде орын тепкен «Брекон-Биконс» деп аталатын ұлттық бағында селфиге байланысты қайғылы оқиға орын алды. Дәлірегі, аталмыш бақтың аумағында селфи жасамақ болған бірнеше адам күн күркіреп тұрғанына қарамастан таудың басына шыққан. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, олардың селфиге арналған таяқшаларына жай түсіп, біреу сол арада тіл тартпай кеткен. Тағы екі адам жарақат алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, емханаға жатқызылды. 

1 пікір
  • Сұмдық ай,от жирности бесятся деген теңеу осыған келетін сияқты.технология дамыды деген адам азғындады дегенмен синоним сияқты емес пе екен осы
    9 жыл бұрын
Мұрағат