Әлемде қанша еврей бар?
Әлемде қанша еврей бар?
3 жыл бұрын 3155 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әлемнің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан еврейлер санын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Walla ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еврейлерге ортақ, жақын қалған Рош ха-Шана (еврейлердің жаңа жылы, яғни, жыл басы) мерекесі қарсаңында Израилдегі еврей агенттігі жариялаған мәліметке қарағанда, күллі әлемде шамамен 15,2 млн еврей бар. Мәселен, Израилдегі еврейлер қарасы 6 млн 930 мыңның ар жақ, бер жағында. Яғни, Израилдегі еврейлер әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашыраған еврейлердің шамамен 45 пайызын, ал Израилдегі еврейлердің 79 пайызын құрап отыр. Бұдан бөлек, АҚШ аумағында алты миллионға тарта, Францияда 446 мың, Канадада 393 мың 500, Ұлыбританияда 292 мың, Аргентинада 175 мың, Ресей Федерациясында 150 мыңның үстінде, Германияда 118 мың еврей бар. Ал мұсылман елдеріндегі еврейлер қарасы ең көп ел – Түркия (14 мың 500 еврей), одан кейінгі орында Иран тұр – 9500 еврей; Марокко — 2000 және Тунис — 1000. Алайда, Құдыс қаласындағы Еврей университетінің профессоры Серхио Делла Пергола жинаған бұл дерек нақты емес – өзін еврей санағандарын ғана есепке алған. Басқа дінге өтіп кеткен, тегін өзгерткен, т.б. факторлар ескерілмеген. Осыларды қоса алғанда әлемдегі еврейлердің ұзын саны 25,3 млн болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат