|
Америка әлемде алғашқы болып криптовалюта кепілдігімен ипотека берді
|
Құрама штаттарда күллі әлем бойынша алғаш рет цифрлы ақша кепілдігімен ипотека берілді. Дәлірегі, Fannie Mae стандартына сәйкес келетін криптовалютамен берілген. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жобаны Better Home & Finance ипотекалық компаниясы мен Coinbase криптобиржасы жүзеге асырды: қарыз алушы адам цифрлы активін сатпай-ақ биткоин немесе USDC-ті алғашқы жарна ретінде пайдаланады. Мұндай алғашқы несие Мичиган штатына қарасты Анн-Арбора тұрғынына берілген. HousingWire дерек көзінің мәліметіне өарағанда, қарыз алушы тарап биткоинді баспана сатып алуда кепілдік ретінже пайдаланған. Биткоинмен кепілдендірілген ипотека алу схемасы екі қарызды қарастырады. Біріншісі - стандартты ипотека (Fannie Mae талаптарына сәйкес келетін), ал екіншісі - қарыз алушының криптоактивімен қамтамасыз етілген алғашқы жарнасы бар жекелеген несие. Бұл бағдарламада биткоин мен USDC стейблкоині қарастырылған. Coinbase криптобиржасы Coinbase Prime арқылы крипто инфрақұрылымын және кепілдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Активтер қарызды өтегенге дейін бұғатталып қалады, содан кейін қарыз алушыға қайтарылады. Бұл жоба немесе жаңа өнім цифрлық активтерде капиталы бар, бірақ, бастапқы жарна үшін қолма-қол ақшасы жеткіліксіз клиенттерге арналған. Мұндай схема жылжымайтын мүлікті сатып алу алдында cryptocurrency сатпауға және оны сатқаны үшін салынатын салық салдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Reuters ресурсы атап өткендей, бұл ретте өнім мәмілені қиындатады: сатып алушы іс жүзінде ипотеканы ғана емес, сонымен қатар, cryptocurrency кепілдігімен қосымша несиені де алады. Better және Coinbase АҚШ аумағында қарыз алушылар үшін криптоипотекаға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. HousingWire дерек көзі жазғандай, бұл бағдарлама осы жаздан бастап іске қосылады. Нарық үшін бұл оқиға цифрлық активтерді әдеттегі қаржы өнімдеріне ықпалдастырудың немесе кіріктірудің маңызды қадамы ретінде бағланады.