|
Пентагонның ресми танылатын діндер тізімі 180 наным-сенімге қысқарды
|
Пентагон (Америка құрама штаттарының әскери-саяси құрылым) мойындалған діни сенім тізімін 180 наным-сенімге қысқартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Military.com ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Энтони Тата қол қойған меморандум тіміздегі 211 наным-сенімді 31-ге дейін қысқартуды қарастырады. Энтони Тата бұл жаңалықы капелландардың әскери қызметшілерімен арадағы жұмысын жеңілдететін және олардың діни сеніміне сәйкес қолдау көрсететін нақты ақпаратпен қамтамасыз ету ұмтылысымен түсіндірді. Жаңартылған тізімге агностиктер, буддистер, индустар, мұсылмандар, яһудилер, сикхтер, түрлі христиандық топтар енгізілген. Бұл ретте тізбеден атеистер, друидтер, дінтанушылар, деистер, сиқыршылар, розенкрейцерлер, шамандар, спиритуалистер сияқты діни азшылықтар жоғалды. Діни сенім кодексінің жаңа редакциясы Пентагон басшысы Пит Хегсеттің нұсқауы бойынша «Капеллан қызметі тарапынан арнайы діни қолдау көрсетудің тиімділігін арттыру үшін әскери қызметшілердің діни артықшылықтары туралы деректер жинауды оңтайландыру» мақсатында құрылды. Капеллан қызметінің жоспарланып отырған реформасы туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет осы жылдың наурыз айында мәлімдеген болатын. Ол қазіргі кодекс тым үлкен екенін және әскерилердің басым көпшілігі алты конфессияға тиесілі екенін ескере отырып, қайта қарауды қажет ететінін атап өтті.