Еуропа ғылымы ізгілікке бір табан жақындай түсті
Еуропа ғылымы ізгілікке бір табан жақындай түсті
8 сағат бұрын 106 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарынан кейін Еуропа жануарларға сынақ жүргізуді біртіндеп, кезең-кезеңімен тоқтату жөніндегі жол картасын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы The Shosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Фармацевтикалық өнімдер, яғни, дәрі-дәрмек жасау және химикаттар алу үшін жануарларға тәжірибе жасауды доғару туралы Еуропалық одақтың атқарушы комиссиясы жол картасын әзірледі. Жануарларды тәжірибе үшін азаптау процедурасын біртіндеп қысқарту шарасы 15 секторда қолданылатын болады. Соның ішінде өнеркәсіп пен тұрмыстық химикаттарды алу, пестицид пен биопестицид әзірлеу, фармацевтикалық өнімдер мен жем қоспаларын алу, тағам өнеркәсібінде қолданылатын өнімдерді әзірлеу секторлары бар. ЕО құрамындағы елдер бұл тарапта бұдан былай жасанды зерде технологиясының көмегімен әзірлейтін болады. Еуропалық комиссия келтірген мәліметке қарағанда, 2015-2023 жылдар аралығында ЕО-да нормативтік сынақтар үшін 15 миллионнан астам жануар пайдаланылған екен.

◇ AI және органоидтарды пайдалану шарасы одан ары кеңейтіледі

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (FDA) өткен жылы жануарларға тестілеуді біртіндеп тоқтатты. Наурыз айында, сондай-ақ, AI, органоидтар (жасушалардан өсірілген шағын ағзалар) және органикалық-чиптер (жасушаларды өсіре отырып, органикалық ортаны имитациялайтын жасанды чиптер) базасында уыттылықты болжау моделдерін пайдалана отырып, нұсқаулық жобасы жарияланды.

Әлем бойынша жаһандық фармацевтикалық компаниялар жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлеу процесінде жануарларды сынауға арналған баламалы технологияларды айналымға белсенді түрде енгізуде. Швейцариялық Roche компаниясы жеке АІ платформасын және компьютерлік моделдеу технологиясын пайдалана отырып, дәрі-дәрмек әзірлеу үшін жасушалық уыттылығын болжауға арналған жүйе құрды. Бұл скринингтің ерте үдерісінде жануарларға сынақтардың едәуір санын болдырмауға мүмкіндік береді. Ал британдық AstraZeneca компаниясы Байесовтағы нейрондық желілер (BNN) базасында жасанды зерде платформасын ашты. Ол мұны жаңа дәрі-дәрмектің бауырға келтіретін залалын, дәлірегі, дәрілік-индукциялық зақымдану қаупін болжау үшін пайдаланады.

Пандесиия кезінде әлемге әйгілі болған Johnson & Johnson компаниясы қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті әзірлеу үшін пациенттердің тірі тіндерінен алынған үш өлшемді «онкологиялық органоидтарды» (PDO) белсенді түрде пайдаланады. Merck неміс компаниясы қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек скринингінің ауқымды жүйесін құра отырып, органоидтарды жаппай өндіру және автоматтандыру технологияларын қамтамасыз етті. Осының арқасында олар жануарларға сынақ жүргізбей, қандай дәрінің қатерлі ісікке қарсы неғұрлым тиімді екенін анықтай алады.

0 пікір
Мұрағат