|
Араб елі туристерге елге ену ережесін оңайлатты
|
Алақандай араб елі – Катар билігі туристерге елге ену ережесін оңайлатанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде, тәжді тажал жұқпалы індетіне байланысты шектеулер алынды, атап айтқанда, екпе алғаны туралы серртифкатты талап етпейді. Бұл шешім қыркүйек айының 4-нен бастап күшіне енеді. Бұдан былай аталған араб еліне саяхаттаушылардан екпе туралы құжат талап етілмейді. Туристер мен балалардан мерзімі 48 сағаттан аспаған ПЦР бойынша теріс нәтижесі немесе аталған елге ұшқанға дейін бір тәулікке (24 сағаттан) толмаған уақытта жасалған антиген тест нәтижесі ғана талап етіледі. Құжаттар тек ағылшын тілінде болуы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді