|
Араб елінде алғашқы әйелдер мешіті ашылды (фото+видео)
|
Катарда таяуда, дәлірегі, қасиетті Рамазан айы ақтала салысымен алғаш рет әйелдер мешіті ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде New Arab ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. әл-Мүжәділ мешіті деп аталатын құлшылық үйінің Батыс елдеріндегі «әйелдер мешіттерінен» айырмашылығы исламға толық сай келетіндігінде - оның тәлімгері ер адам, Кувейт шейхы Фахад әл-Кандари. Ғибадат ғимаратының барлық білім беру және діни жұмыстарын бірыңғай әйелдер басқарады. Мешітте Құран курсы өтеді, жамағатпен намаз оқылады, т.б. әл-Мүжәділ мешіті – Катар әмірінің анасы Музенің ойластырған жобасы. Ол әйелдерге арналған осындай кеңістікті құру талай жыл бойы армандап келген еді.

Катар әмірінің анасы Музе
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді