|
Араб түбегінде болашақтың театры салынады (фото+видео)
|
Сауд Арабиясының Neom аумақтық даму агенттігі «жер бетінде теңдесі жоқ» жаңа жобаcын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада тау тасасындағы табиғатпен және озық технологиямен үйлесетін иммерсивті кеңістікті - Utamo деп аталатын болашақ театры туралы сөз болып отыр. "Utamo болашақ театрында шындық пен цифрлық технология саласы біріктіріледі. Жаңа ойын-сауық стандартын қалыптастыратын іс-шаралар өтетін орынға айналады», - деп уәде берді Neom өкілдері. Қызыл теңіздің солтүстігіндегі Ақаба шығанағы маңындағы тау қойнауында орналасқан көп функционалды үлкен зал әлемнің үздік әртістерінің қойылымдарына арналған.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек