|
Ас-ауқатты ысырап етуге қарсы заң қабылданды
|
Кеше, яғни, мамыр айының 24-і күні Жапония парламенті тағам қалдықтарын азайтуға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Күншығыс елі билігін мұндай заңды қабылдауға не итермеледі? Аталмыш елдегі тағам қалдықтарының жыл сайынғы мөлшері 6 млн тоннаға жеткен. Сондай-ақ, шектен тыс ысырыпшылдыққа қарсы шаралар қолға алынып жатыр. Солардың бірі - аса ірі супермаркеттер желісінен тұтынудың орташа шегінен аспайтын азық-түлікті ғана қабылдауы тиіс деген талап қойылып отыр. Қоқысқа тасталатын тағам қалдықтарының көбісі тұтынуға жарайды. Бұдан бөлек, ел аумағындағы Seven-Eleven Japan және Lawson секілді аса ірі супермаркеттер желісі мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті бағасын түсіріп, өз алдына бөлек сататын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді