Аса ірі сутегі кеніші табылды
Аса ірі сутегі кеніші табылды
3 ай бұрын 551 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция мен Германияның шекара маңынан, дәлірегі, Лотарингия аймағынан ғалымдар жер қыртысын зерттеп жүріп, аса ірі сутегі кен орнын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы  The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көмір өнеркәсібімен аты шыққан аталмыш өлкенің жер тереңдігінен табылған, «ақ сутегі» атанған газ тәрізді табиғи сутегі әлемдегі ең таза отын түріне жатады. Атмосфераға мысқылдай зияны жоқ, яғни, жанғанда көміртегін бөлмейді, тек су буын бөледі. Ол ыстық судың құрамында темірі бар тау жыныстарымен өзара әрекеттесуінен пайда болады. Бұл жаңалық өз кезегінде таза сутегін өндіру технологиясына ден қойған, осылайша көміртектен ада аймаққа айналуды әрі кәрі құрлық бойынша бұл салады көш бастауды мақсат еткен Франция үшін зор табыс. Сарапшылардың болжамы бойынша Лотарингиядағы ескі көмір шахталарының астында 46 және 260 миллион тонна табиғи сутегінің қоры жатыр. Әлемдік сутегінің жылдық өндірісі шамамен 70 миллион тоннаны құрайтынын ескерсек, бұл бас айналдырар байлық. Табиғи сутегінің қоры АҚШ аумағынан, Австралияда, Африкада және Еуропаның басқа бөліктерінде де табылған. Бұрын мұндай олжалар сұраныстың аздығынан еленбейтін. 1987 жылы Малиде темекі шоғынан су құдығы өртеніп, судан табиғи сутегі табылған кезде ғалымдар осынау энергия көзіне назар аудара бастаған еді. Бұл құдық қазір жергілікті дүкендер мен үйлерді энергиямен қамтамасыз етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат