Аула сыпырушы 7 млн доллар ұтса да жұмысынан кеткен жоқ
Аула сыпырушы 7 млн доллар ұтса да жұмысынан кеткен жоқ
10 жыл бұрын 5078

Британияда Джозеф Уайтинг есімді аула сыпырушы өткен аптада лотореядан 4,5 миллион фунт (шамамен 7 млн доллар) ұтып алғанымен көше сыпыруын жалғастыруда. Бұл жайында Day.Az ақпарат көзі Metro-ға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ол лотореялық ойындарға құмар болмаса да сәті түсіп, аяқ астынан байып шыға келеді деп кім ойлаған?

Оның айтуынша, туысқаны оны нан сатып алып келуге жұмсаған. Дүкеннен керектісін сатып алғаннан кейін лоторея билетін сатып алған. Бірақ, не үшін ондай қадамға барғанын өзі де түсіндіріп айтып бере алмайды. Артынан билеттегі сандарды салыстырып көргенде өз көзіне өзі сенбейді. Қателескен шығармын деп, тағы салыстырып көреді де өзінің ен дәулетке кенелгенін түсінеді. Бұған асып-таспаған ол көше сыпыруға кетеді. Жұмысын аяқтаған соң лоторея билетін ойнататын кеңсеге қоңырау шалады. Джозеф ендігі жерде өзі сыпырып жүрген көшемен көлік жүргізуді үйренгісі келетінін де жасырмады.

0 пікір
Мұрағат