Баламалы жаза түрлері бойынша араб елі алғашқы нәтижеге қол жеткізе бастады
Баламалы жаза түрлері бойынша араб елі алғашқы нәтижеге қол жеткізе бастады
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко баламалы жаза туралы өз заңын іске асырып, алғашқы нәтижелеріне қол жеткізді. Осылайша қылмыскерлерді оңалту мен қоғамға бейімдеу ісін ілгерілетумен бірге түрме арқылы жазалау мерзімдеріне тәуелділікті азайтуға бағытталған қылмыстық сот төрелігін реформалаудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрме мен түзету мекемелерін басқару және реинтеграциялау жөніндегі бас делегацияның (DGAPR) мәліметі бойынша тамыз айынан желтоқсанға дейінгі аралықты қамтитын заңды іске асырудың бастапқы кезеңі сот қызметінің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау түрлерінің көпшілігі тиімділігін танытқан. 2025 жылғы қызмет туралы есебінде DGAPR баламалы жазалауға қатысты 1 001 сот шешімі түрме мекемелеріне берілгенін және бұл көрсеткіштің жалпы алғанда 1 077 баламалы жазалау түріне сәйкес келетінін хабарлады. Есепте, сондай-ақ, деректерді бірыңғайлауға және цифрлы платформа арқылы үкімдердің орындалуына құрылымдық мониторингті жеңілдетуге бағытталған «SIGPA» деп аталатын баламалы жазалау үшін ақпаратты басқару жүйесі әзірленеді. Бұдан бөлек, түрмедегі тұтқындардың, түрме қабырғасындағы медициналық қызметтер, оңалту және кәсіптік оқыту бағдарламалары, түрмелерді жаңғырту жөніндегі іс-шаралар және пенитенциарлық басқаруды цифрлық трансформациялау тақырыптары талқыланды.

Ұқсас материал:

Араб елі қылмыскерлерді түрмеге тоғыта бермей, жазалаудың басқа түрлерін қолданып жатыр

0 пікір
Мұрағат