|
Батпақты құрғақшылықтан құтқару үшін су айдайтын болды
|
Қытайдың Цзилин провинциясы аумағында Сианқай деп аталатын сулы-нулы әрі батпақты алқап бар. Аталмыш алқап аталған елдің солтүстік-шығысында орын тепкен. Жауын-шашынның аз мөлшерде түсіне байланысты Сианқай және Ниусинтаоба батпақты алқабы кейінгі кезде табаны тартылып, құрғақшылық жайлады. Жергілікті экожүйені сақтап қалу әрі биологиялық әр алуандылықты, дәлірегі, аталған батпақты өңірдегі сирек кездесетін жабайы жануарлар мен өсімдіктерді жойылып кетуден аман алып қалу үшін Қытай билігі сол маңнан 192 шақырым қашық жатқан табиғи су қоймасынан 80 млн текше метр су айдайтын болып шешім қабылдады. Бұл жайында Қытай халық республикасының Су ресурстры министрлігі мәлім етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді