Бір ғана елдің өзінде жылына 4000 миллионер пайда болады
Бір ғана елдің өзінде жылына 4000 миллионер пайда болады
8 жыл бұрын 3116 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі экономикасының тұрақты дамуы әлемнің әр түкпірінен миллинерлердің жиналуына түрткі болып отыр. Яғни, бейнелеп айтқанда, аталмыш ел экономикасы әлем миллионерлерінің қауіпсіз баспанасына айналды. Бұл жайында Euromonitor International мамандарының табыстың бөлінуіне қатысты жүргізген зерттеу нәтижесінен белгілі болды. Сарапшылар аталмыш елдегі миллионерлердің қарасы жылына 8,5% көрсеткіш бойынша жоғарғы қарқынмен өсіп, 2030 жылға қарай жалпы капиталы 533 млрд долларды құрайтын ұзын саны 142,8 миллионерге дейін жететінін алға тартып отыр. Негізінен бұл елдегі миллионерлердің көбеюіне миграциялық процесс септігін тигізуде. Айта кетейік, БАӘ-ге Үндістаннан, Түкриядан, Ираннан және Пәкістаннан келген миллионерлердің қарасы көп. Сарапшылар, сондай-ақ, Дубай қаласының Таяу Шығыстағы жетекші орыннан көріне беретін мегаполиске айналатынын жеткізді. Аталмыш қала ауқатты адамдар таңдап тұратын әлемдегі санаулы қалалардың қатарынан қалмайды, яғни, әлем бойынша дәулеттілер тұратын бесінші қала болып қала береді. 

0 пікір
Мұрағат