|
Аса қауіпті қылмыскерлер мешіт тұрғызды (видео)
|
Ресей Федерациясы аумағында орналасқан қатал түзету мекемесіндегі (ИК-54) жазасын өтеуші тұтқындар өз қолымен мешіт тұрғызды. Оның құрылысы екі жыл жүрді. Бұл жайында жазасын өтеушілермен тәрбие жұмысын жүргізетін майор Владимир Родин мәлім етті. Айта кетейік, жаза басып, темір тордың арғы жағынан шыққандар арасында (аталған түзету мекемесі бойынша) жүзге тарта мұсылман бар. Олардың дені башқұрттар, татарлар, шешендер, өзбектер, қырғыздар, тәжіктер, т.б. құрайды. Тұтқындар соққан мешітте бір мезгілде 150 адам құлшылық ете алады. Ауыр қылмыс жасағандар күнәдан сәл де болса осылай арылуды ойлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды