Бірнеше мемлекет қатысып жатқан «Восток – 2022» әскери жаттығуы кезінде азан шақырылады
Бірнеше мемлекет қатысып жатқан «Восток – 2022» әскери жаттығуы кезінде азан шақырылады
2 жыл бұрын 1122 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан (қыркүйек айының 1-7-і күндері аралығында) «Восток – 2022» әскери жаттығу кезінде намаз оқитын мұсылман әскерилеріне барлық жағдай жасалған. РФ-ның шығыс әскер округының полигондарындағы бұл әскери жаттығуға 15 ел қатысып жатыр. Соның ішінде, Қазақстан, Қырғызстан, Алжир, Сирия, Әзірбайжан, Тәжікстан мұсылман елдердің әскерилері де бар. Примор өлкесінің Діни мұсылмандар басқармасы төрағасының мұсылман әскери қызметшілермен жұмыс жөніндегі орынбасары Сирен Ғарифуллиннің айтуынша, ислам дінін ұстанатын әскери қызметкерлер үшін намаз оқуға барлық жағдай жасалған, атап айтқанда, жорыққа арналған намазхана палаткасы құрылған, екінті, ақшам және құптан назадары кезінде әскери лагерде азан шақырылады. Әскери қызметкерлер бес уақыт оқылатын және жұма намаздарына әскери міндеттер мен тапсырмалардан бос кезінде қатыса алады. Бұдан бөлек, РФ қарулы күштерінде жорық кезінде жауынгер өзімен бірге алып жүретін щариғат талаптарына сай құрғақ тағам рационын пайдалану мәселесі қарастырылып жатыр.

0 пікір
Мұрағат