Бүгінде Әзербайжанда 2 253 мешіт бар
Бүгінде Әзербайжанда 2 253 мешіт бар
4 ай бұрын 725 inform.kz Еркежан Смағұлова

Әзербайжанда тәуелсіздік алғаннан кейін небәрі 17 мешіт болса, қазір олардың саны 2 253-ке жеткен. Kazinform бұл туралы Азертадж агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Әзербайжанның Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мүбариз Гурбанлы айтқан. 

Оның сөзінше, кейінгі 20 жылда елде 435 мешіт салынып, пайдалануға берілген. 

- Қазіргі уақытта басқыншылардан азат етілген аумақтардағы діни ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Армяндар исламға ғана емес, христиан және басқа да діндерге қарсы вандализм әрекеттерін жасады, - деді комитеті басшысы. 

0 пікір
Мұрағат