|
Дәстүрлі христиан, ал былай зайырлы Еуропа елінде имамдарды католик университеті дайындап, жалақысы мемлекет есебінен төленеді
|
Белгиядағы Левен және Лувен деп аталатын беделді католиктер университеті тұңғыш рет ел аумағындағы мешіттерге имамдарды дайындау бағдарламасын ұсынды. The Tablet ақпарат көзі хабарлағандай, аталмыш еуропалық елдің мұндай қадамға баруына Брюссел қаласында 2016 жылы орын алған теракті себеп болған. Шетел ықпалын азайту бағытында қолға алынған бұл шараны аталған елдің мұсылмандар жамағаты мен жетекшілері де құптап отыр. Бұл шара бірыңғайда жергілікті мұсылмандарды белгиялық қоғамға интеграциялауға да септігін тигізеді деп есептейді. Жергілікті имамдарға университет деңгейінде білім берілетін болады. Ең бастысы – имамдарға жалақы мемлекет есебінен төленеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды