Еуропа соты мемлекеттік қызметкерлердің хижабына қатысты шешім қабылдады
Еуропа соты мемлекеттік қызметкерлердің хижабына қатысты шешім қабылдады
5 ай бұрын 535 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуроодақ сотының жоғарғы инстанциясы мемлекеттік мекемелерге қызметкерлерге шариғат шәлісі мен өзге де діни белгіні танытатын атрибуттарға тыйым салуға құқық беретін қаулы қабылдады. Биліктің бейтараптығын (яғни, қандай да бір наным-сенімге артықшылық бермеу) сақтауы үшін. Бұл жайында өз кезегінде Politico ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мұндай ереже, егер ол әкімшіліктің барлық қызметкерлеріне жаппай қолданылса, мұндай қадам кемсітушілікке жатпайды», - деп айтылған Еуропалық сот шешімінде. ЕО соты мұндай шешімді белгиялық мұсылманның шағымынан кейін қабылдады. Шағымданушы діни белгісі бойынша кемсітушілікке ұшырағанын мәлімдеген. Муниципалитет оған жұмыс орнында бүркеніп жүруге тыйым салған екен. Десе де ЕО-ның бұл шешімі міндетті емес, әр ұйым бұл тарапта өз қалауына қарай шешім қабылдай алады.

0 пікір
Мұрағат