Еуропалық ара ісі қор араб елдерінің акциясынан бас тартты
Еуропалық ара ісі қор араб елдерінің акциясынан бас тартты
5 ай бұрын 452 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвегияның аса ірі зейнетақы қоры (70 млрд доллардан асатын активке ие) Саудияға, Катарға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Кувейтке қарасты 11 компанияның акцияларын сатты. Бірнеше себептермен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AFP ақпарат көзіне жөн сілтеген lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саяси себепке аталған араб елдерінің авторитарлық басқару режимінен бас тартпай, сөз бостандығы мен адам құқығын шектейтінін, соның ішінде сын айтқандар мен құқық қорғаушыларға қырын қарайтынын жатқызған. Бұдан бөлек, Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының энергетикалық ауысуға қатысты позициясына байланысты бас тартқан. Яғни, энергияның ауысуы дегеніміз – энергия жүйесіндегі елеулі, құрылымдық өзгеріс, дәлірегі,энергия тұтынуда бастапқы энергия көздерін қауіпсіз немесе зиянсыз энергия көздеріне алмастыру саясаты жүзеге асырылады. Аталмыш мұнай компаниясынан бөлек, жылжымайтын мүлік нарығы мен телекоммуникациялық саладағы араб компаниялары норвегтердің қара тізіміне енген. Қысқасы, араб компанияларының активтері 15 млн долларға сатылған.

0 пікір
Мұрағат