Еуропалықтардың жеке жинақ ақшасы рекордтық деңгейге жетті
Еуропалықтардың жеке жинақ ақшасы рекордтық деңгейге жетті
3 жыл бұрын 1468 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Еуропа одағына мүше елдер мен Ұлыбритания тұрғындарының жеке жинақ қаржысы шамамен 700 млрд еуроға жеткен. Еуропадағы акцияларға инвестиция салу стратегиясы үшін жауап беретін UBS қаржы холдингісінің өкілі Ник Нельсон осындай дерек келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылы пандемияға байланысты енгізілген локдаун мен жұқпалы індеттен сақтану мақсатындағы шектеу шаралары ақша-тауар-тұтыну айналымына кері әсерін тигізіп, осынша мол қаражаттың жиналуына себеп болған. Moody’s Analytics мәліметіне қарағанда, АҚШ-та да жеке жинақ ақша мөлшері 2,7 трлн долларға жеткен. Дамыған елдердегі жаппай екпе алуға байланысты тұтынушылар ендігі жерде карантинтік шаралардан құтылып, жиналып қалған ақшасын жұмсайтын күнге жақын қалды. Актив мөлшері бойынша әлемдегі аса ірі BlackRock инвестициялық компаниясы мәлімдегендей, еуропалықтар жиналып қалған ақшасын жұмсауға көшкен. Оның ішінде, мейрамханаларға бару, саяхатқа шығу, т.б. мақсаттарда жұмсалып жатыр. Осылайша еуропалықтар жиналып қалған қаржысын азат өмірдің дәмін алу үшін жұмсап жатыр. Мәселен, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында жайлы өмірге арналған тауарларға сұраныс күрт артқан.

0 пікір
Мұрағат