Ғалымдар паразиттерді құтқаруға кірісіп кетті
Ғалымдар паразиттерді құтқаруға кірісіп кетті
4 жыл бұрын 3300 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың халықаралық тобы паразиттерді қорғау керектігін мәлімдеп, адамзатқа маңызды үндеу тастады. Ондаған жетекші паразит экологы, соның ішінде Вашингтон университетінің өкілдері паразиттерді сақтаудың ғаламдық жоспары баяндалған мақала жариялады. Жойылудың алдында тұрғынымен халықаралық ұйымдар мен белсенділердің қорғауындағы сүтқоректілер мен құстарға және балықтарға, жәндіктерге қарағанда паразиттер елеусіз қалған. Керісінше бірыңғай жаңсақ ұғымның жетегінде кеткен былайғы жұрттың арасында паразиттер дегенде зиянды организм елестейді. Оларды жоюды ойлайды. Алайда, паразиттердің тек 4% ғана адамдарға зиянды, қалғаны аса маңызды экологиялық функцияны орындайды, соның ішінде жабайы табиғаттағы популяцияны реттеуге атсалысады. Вашингтон жоғарғы оқу орнының доценті Челки Вуд паразиттердің биологиялық әр алуандылықтың бір түрі екенін тағы бір мәрте еске сала кетті. Ғалымдар паразиттерді құтқару үшін алдағы он жылдыққа арналған 12 мақсат қойды. Соның ішінде паразиттерді кеңінен зерттеу, насихаттау, басқару, т.б. жолдармен оларды сақтап қалуды міндеті етіп белгіледі. Осы орайда мынаны айта кету керек: ғалымдар осы уақытқа дейін паразиттердің тек 10% ғана зерттеген екен. Джорджтаун университетінің доценті Колин Карлсон адамдар мен жануарларға зиянды паразиттерді қорғауға алмайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат