Google пайдаланушыларды жасырын бақылағаны үшін өтемақы төлейтінін жариялады
Google пайдаланушыларды жасырын бақылағаны үшін өтемақы төлейтінін жариялады
5 ай бұрын 601 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dado Ruvic / Reuters

Google компаниясына өзінің Google Chrome браузерінен пайдаланушылардың деректерін жасырын жинады деген айып тағылып, осы іске қатысты сотта кемінде 5 миллиард доллар өтемақы төлейтініне келісімін берді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Google қолданбаларының Google Chrome браузерін «инкогнито» (құпия немесе жасырын) шолу режиміне ауыстырған жағдайда да пайдаланушының белсенділігін немесе әрекетін қадағалауға мүмкіндік беретіні әшкере болған еді. Осы орайда сарапшылардың Google Chrome браузерінде олқылықтың барын анықтағанын айта кету керек. Осы кемшілікті киберқылмыскерлер ақша бопсалау, деректі қолды қылу, қандай да бір жасақтамалық бағдарламаны істен шығару секілді арам мақсаттарына пайдаланып кетеді: зиянды кодтарды енгізіп, қорғаныш софтыны еңсеретін болған.

0 пікір
Мұрағат