|
Халықаралық пәтуа күні жариялануы мүмкін
|
Мұсылмандар Біріккен Ұлттар Ұйымын қазан айының 15-і күнін Халықаралық пәута күні ретінде жариялауға үндеді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тиісті қарар Мысыр астанасында «Цифрлы дәуірдегі пәтуа шығару институты» деген атпен өткен халықаралық конференцияда қабылданды. Аталмыш алқалы жиын Мысыр президентінің қолдауымен әлемдік кеңестер мен ұйымдардың бас хатшылығы тарапынан ұйымдастырылған. Бұл елеулі шараға Палестина, Сербия, Біріккен Араб Әмірлігі, Босния және Герцеговина мүфтиятының өкілдері мен мәшһүр ғалымдар және дін қайраткерлері қатысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады