|
Харам мешітінде аса беделді 100 ғалым кезекшілікке тұрады
|
Саудия билігі қасиетті Мекке қаласындағы Харам мешітіне біліктілігі жоғары 100 ғалымнан жасақталған топты кезекшілікке тұрғызады. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың арасында шариғи қазылар, саудиялық жоғарғы оқу орнының оқытушылары бар. Ғалымдар аталған мешіт аумағында қажылардың кез келген сауалына (телефон арқылы, жүздесу арқылы) жауап береді. Олар ауысым бойынша жұмыс істейтіндіктен тәулік бойы кеңес беру қызметі тоқтатылмайды. Олардан бөлек, аррабша, ағылшынша, түрікше, парсыша, қытайша, орысша, малайша, бегналша, хаусша, яғни, 11 тіл білетін роботтар да қажылардың сауалына жауап беретін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды