|
Харам мешітінің ауласында қажылардың балаларына арналған бала бақша ашылды (видео)
|
Қасиетті Меккеде Харам мешітіне іргелес аумақта алғаш рет «қысқа мерзімді» балабақша ашылды. Кішкентай бүлдіршіндердің бос уақытын өткізуге қажетті нәрселермен толықтай жабдықталған жаңа балабақша ұмраға келген қажыларға жасалған жағдайдың бір парасы. Бұл жайында islam.kz порталы Siasat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ойын бөлмесі мен балалар тынығатын жатын бөлмесі бар бала бақша тәулік бойы жұмыс істейді және 6 жасқа дейінгі балаларды жібереді. 3 сағатқа дейін тегін қызмет көрсетеді, егер бұл уақыттан ұзаса, ақылы жүйеге көшеді. Бұл бала бақша 80 балаға шақталған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді