|
Індетке байланысты 70 мың тұтқын бостандыққа шығарылды
|
Иран билігінің пәрменімен шамамен 70 мың жазасын өтеуші түрме қабырғасынан уақытша бостандыққа шығарылды. Иран аумағын жайлаған COVID-19 қатерлі індетіне байланысты. Бұл жайында Mizan Online ақпарат көзі Парсы елінің сот билігінің жетекшісі Ибрагим Раисаға сілтеме жасай отырып хабар таратты. Егер бостандыққа шығарылған тұтқындар қоғамға қауіп төндіріп, қылмыстық әрекетімен көзге түссе, олар қайта қамалады. Шиғалар елінде соңғы ақпарат бойынша 7161 адам короновирусты жұқтырған. Аталмыш індеттен бақилық болғандар қарасы 237 адамға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
■
Адамның қанша ғұмыр сүретінін айқындайдын ең басты ағза аталды. Ол жүрек емес...
■
Германияда мешіттердегі жұма намазының кестесі жарияланған жол белгілері қойылды