|
Индонезияда мешіт күмбезі өрттен опырыла құлады (видео)
|
Индонезия астанасы Жакарта қаласында қазан айының 19-ы күні түстен кейін Ислам орталығының Үлкен мешіті өртеніп, нәтижесінде ғимараттың күмбезі опырылып құлаған. Құлаған сәті таспаға тартылып қалған. Бұл жайында islam.kz порталы Jakarta Globe ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандардың осынау құлшылық үйіндегі өрт Жәми мешітін жөндеуден өткізу жұмыстары кезіндегі салғырттықтан, дәлірегі, дәнекерлеу кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан орын алған. Біір тәуірі, өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мешіт исламды зерттеу және дамыту жөніндегі сараптама орталығы орналасқан Жакарта ислам орталығына тиесілі ғимараттар кешенінде орын тепкен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді