Жаһан: Кәсіпкер жылына миллион адамды тамақтандырмақ
Жаһан: Кәсіпкер жылына миллион адамды тамақтандырмақ
9 жыл бұрын 3315

Mirza Holdings және Mirza Events корпорациясының директоры Кам Мирза әр жылы Рамазан айында әлемнің миллионға жуық мұқтаж адамдарын тамақтандырмақ ниетте. Оның бұл ойы бала кезінен есінде келе жатқан мақсаты болып отыр.

«Бала кезімде Рамазан айында дастарханымызда жеуге ас болмаған кездер өтті. Сол кезде бір адамдар бізге тамақ берді. Ол күн әлі күнге жадымда» дейді канадалық кәсіпкер Мирза. Өз отбасының үлкен қиыншылықта, кедейшілікте өмір сүргенін көрген кәсіпкер ізгілік айында қайырымдылықты барынша көбірек жасауға ниетті.

Бүгінде Дубайда тұратын Кам Мирза осымен бесінші жыл қатарынан Пәкістан, Үндістан, АҚШ, Канада және БАӘ-нде тұратын тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға осы елдердегі ұйымдар арқылы Рамазан айында қол созып, тамақ жеткізіп келеді. 2014 жылы ол 102 000 адамға ауызашар жасап үлгерді. Кам Мирза осы қайырымдылық шарасы аясында жыл аяғына дейін 1 000 000 адамды қамту жоспары бар. 

ummet.kz-ақпарат 

 

Шариғат шәлісі үшін жұмыстан қуылды

Лондон шаһарындағы «Савой» деп аталатын қонақ үй әкімшілігі нәсілдік әрі діни кемсітушілікке жол беріп, Шайдат Олуфовоби есімді 18 жастағы бойжеткенді басындағы шариғат шәлісін шешпегені үшін жұмыстан қуды. Мұсылман бойжеткені аталмыш мейманханада үйлену тойларда қызмет көрсететін жұмысшы болып кейтерингтік компанияға кірген болатын. Ол 11 сағаттық ауысымның тек 4 сағатында ғана жұмыс істей алды. Қонақ үйн шешіп тастауды қызметкерлері одан шариғат шәлісін шешіп тастауды талап етеді. Бұл жай  ында «IslamNews» порталы «London Evening Standard» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. «Бәрі маған тесіле қарап қалыпты, ұяттан жерге кіре жаздадым. Оларға дініме байланысты осылай жүру керектігімді түсіндіргенімен, ол мізбақпады. Қорланғаным сондай, дірілдеп-қалтырап, көз жас ие бола алмдым»,- деді ол аталмыш ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Бойжеткен құқық қорғау ұйымына өзінің жәбірленуіне жол берген қонақ үй әкімшілігінің үстінен шағым түсірді.

 

Бангладеште тегін киімге таласу кезінде 17 адам қаза тапты

© Rusnovosti.ru

Бангладеште тегін киімге таласу кезіндегі қыспақтан 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды BBC Russian жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, елдің солтүстігінде орналасқан Мименсингх қаласындағы темекі фабрикаларының бірінің иесі кедейлерге тегін киім таратуды ұйымдастырған. Нәтижесінде фабрика ғимаратына жүздеген адам келіп, қақпаның алдында адамдар арасында сығылысу пайда болған. Қазіргі уақытта полицейлер 7 адамды қамауға алды. Олардың ішінде фабриканың иесі де бар. Билік қаза тапқандардың санының ұлғаюынан қауіптеніп отыр. 

Айта кетейік, Рамазан айында Бангладеш елінің ауқатты адамдары кедейлерге тегін киім таратуды жиі ұйымдастырады.

 

Ислам Қытайда жастар арасындағы ең танымал дінге айналды  

Қытайда 30 жақа дейінгі жастар арасында ислам ең танымал дінге айналған. Айта кетейік, Қытай билігі тек бес дінді, атап айтқанда, будданы, даоны, католикті, протестанттықты және исламды ресми мойындайды. Бұл елде жас мұсылмандар қарасы – 22,4%. Бұл деректер жыл сайын жүргізілетін діндерді зерттеу нәтижесінен белгілі болып отыр. Дәлірегі, осы бағыттағы зерттеуді Пекин мегаполисіндегі Жэньминь университеті жанындағы ұлттық зерттеу  орталығы жүргізген болатын.

 

Таиланд мұсылмандарды өлімге айдап салуда  

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері Тайланд билігінің 100-ге тарта ұйғыр мұсылмандарын кеудесінен итеріп,  сеніміне бола азшылық ұлт өкілдерін қыспаққа алған Қытайға кері қайтарғанын сынға алды. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (UNHCR) мәлімдегендей, ұйғыр мұсылмандары пана сұрап, жалынып-жалбарынса да Тайланд билігі оларды қабылдаудан бас тартты. Қытайда ораза ұстауға және өзге де діни парыздарын орындауға  тыйым салған коммунистік режимнен тепереш көріп отырған ұйғыр мұсылмандарына пана беруге алдымен өздері уәде еткен Тайланд билігінің бұл әрекетін құқық қорғаушылар қалай түсінерін білмей отыр. Ұйғыр босқындарды қабылдаудан неліктен айнып қалғанын да айтқан жоқ. «Тайланд Пекиннің қысымына шыдамай осындай әрекетке барғаны алаңдатады. Тайланд осылайша халықаралық заңнаманы бұзды. Қытайда олар азапталуы мүмкін»,- деді «Human Rights Watch» ұйымының өкілі Сунай Пхасук.

 

Мұсылмандар өртеніп кеткен 8 шіркеуді қалпына келтіруге қолұшын созады

АҚШ-тағы мұсылмандар жамағаты осы елдегі түгі қалмай өртеніп кеткен бірнеше афроамерикалық тарихи шіркеуді қалпына келтіруге көмектесу мақсатында онлаин режимінде жылу жинауға кірісті. Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар бес күннің ішінде 23 000 доллар жинап үлгерді. Бұл игі іске америкалық қоғамдық ұйымдар, нәсілшілдікке қарсы мұсылмандар қоғамдастығы және Араб-америка қауымдастығы атсалысуда. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың маусым айының 17-і күні АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатына қарасты Чарльстон қаласындағы Американың методистік епископалдық шіркеуі жамағатының афро-америкалық 9 өкілін ақ нәсілді азамат атып тастағаннан кейін кем дегенде 8 шілкеу отқа оранған болатын.

0 пікір
Мұрағат