Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
14 күн бұрын 838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Араб дәрігерлері анасының құрсағында небәрі 27 апта толғанда мезгілінен ерте туғандықтан әрі анасының сусамыр дертіне байланысты соқыр болып дүниеге келген нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шала туған нәрестенің көру қабілетін қалпына келтіру отасын жасамас бұрын оны жаңа туған шақалақтарға арналған қарқынды емдеу бөлімшесінде үш ай жақызған екен. Дәрігерлер бұл ақауды нәресте туғаннан кейін шамамен алты аптадан кейін байқаған. «Қалыпты жағдайда қан тамырлары көз торының беткі жағына дейін өсуі керек болатын. Десе де кейбір шала туған нәрестелерде бұл тамырлар көздің шыны тәрізді қабығына қалыптан тыс өседі, салдары - көздің торлы қабығында ауыту тудырады», - дейді офтальмолог. Нәрестеге алты апта толғанда дәрігерлер қан тамырларының дұрыс өсуін ынталандыру үшін инъекцияны қолданды. Әдетте 90-95% жағдайда бір инъекцияның өзі көру қабілетін қалпына келтіруге жеткілікті, ал шала туған нәрестеге бастапқы ем-дом нәтиже бермегендіктен тағы иньекция қолдануға мәжбүр болған. Нәтижесінде жағдайдың ауырлығы 3-ші кезеңнен 2-ші кезеңге және 1-ші кезеңге ауысып, ақырында қалыпты жағдайға оралды. Қазір нәрестенің көру қабілеті жақсарған. Білікті мамандардың сөзіне қарағанда, 40 апта толмай жатып шала туғандардың денсаулығында кінәрат көп кездеседі. Сондай кінәраттардың бірі – көздің жетілмеуі. Әдетте көздің торлы қабығы анасының құрсағында жатқанына 40 апта толғанда толық қалыптасып болады. Мұндай кеселдің симптомдары мен белгілері болмағандықтан ата-аналары тек арнайы анализ көмегімен ғана біле алады.

0 пікір
Мұрағат