Жәндіктерді қорғау бағытында елеулі шара қолға алынды
Жәндіктерді қорғау бағытында елеулі шара қолға алынды
4 жыл бұрын 2988 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия билігі қорғашан ортаны, соның ішінде, соңғы уақытта геометриялық прогреспен жойылып бара жатқан жәндіктер қорғау мақсатында өз нәтижесін беруі тиіс тиімді шараларға көшіп жатыр. Сондай шаралардың бірі – түнгі қараңғылықты прожектормен жарықтандыруға тыйым салу шарасы. Дәлірегі, аталған елдің қоршаған орта министрлігі прожекторларға ішінара тыйым салудан бастап, жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық заттарға – инсектицидтерге қатаң бақылау орнатуға дейінгі шаралар кешенін қолға алды. Германияның министрлер кабинеті әлі мақұлдай қоймаған жәндіктерді қорғауға бағытталған заң жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес ашық далада жарықты қосуға толық тыйым салынады әрі жылына он ай бойы көз байланатын іңір қараңғылығынан таң атқанша прожекторды қосуға тыйым салынған. Аталмыш заң жобасы бойынша, сондай-ақ, көше шамдары да өсімдіктердің түнгі режиміне және жәндіктердің, жануарлардың түнгі тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейтіндей барынша аз жарық шашуы тиіс. Бұдан бөлек, инсектицидті ұлттық маңызы бар саябақтар мен парктерде және ірі су қоймаларының маңында пайдалануға тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат