Жануарлар әлемі: Ирландық туристер жирафтың "күлкісін" суретке түсіріп алды
Жануарлар әлемі: Ирландық туристер жирафтың "күлкісін" суретке түсіріп алды
10 жыл бұрын 6676

Baq.kz порталының The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, АҚШ-та саяхаттап жүрген ирландық туристер кездейсоқ жирафтың "күлкісін" суретке түсіріп алған. Жігіт пен қыз селфи-суретке түсіп жатқан сәтте олардың артына жираф келіп тұра қалған. Ал, кадрдағы керемет көріністі олар арада бірнеше күн өткеннен кейін ғана байқағандарын айтып отыр.

Гэри Кинг пен оның құрбысы Лиза Кеннеди жазғы демалыстарын АҚШ-тағы табиғи қорықтарда өткізуді шешкен екен. "Күлетін" жираф пен өзге де жабайы жануарларды олар Флорида штатындағы Busch Gardens Tampa бағында кездестірген. Мұнда негізінен африкалық жан-жануарлар өмір сүреді.

"Біз бұл суретті көрген сәтте өз көзімізге өзіміз сенген жоқпыз. Айналамызда жануарлар көп болатын, жирафтың қалайша артымызға келіп тұра қалғанын байқамадық" дейді саяхатшылар.

 

Музыкаға елтіген жолбарыс жұртты таңғалдырды (видео)

Ресейдің Приморье аймағында тұрғындар музыкаға елтіген жолбарысқа кезігіпті. Ол мұндағы ұлттық саябақта тоқтап тұрған көліктен шыққан әуенді ести салысымен ұзақ тыңдап тұрған. Бұл жайында nur.kz сайты 24.kz ақпарат көзіне, ал аталмыш ақпарат ресурсы  Лента.ру порталына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Бірақ, өзіне қарай жылжыған көліктің ішінде адамдардың отырғанын көріп, «ыр» етіп, өз жайына кеткен екен. Музыкаға еліткен жыртқышты көлік жүргізушісі бейнеге түсіріп, роликті ғаламторда жариялаған. Ұлттық саябақ қызметкерлерінің айтуынша, тек ғана жолбарыс емес, өзге де жабайы жануарлар музыка тыңдағанды ұнатады екен.

 

Су шаңғысымен сырғанап жүрген тиын ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Ғаламторда тиынның қалың көпшіліктің алдында су шаңғысымен сырғанап жүргені түсірілген бейнеролик пайда болды. Бұл жайында nur.kz сайты bnews.kz порталына, ал аталмыш ақпарат көзі өз кезегінде RT ресурсына сәлтеме жасай отырып, хабар таратты.

Видеодан Twiggy есімді тиынның су бетінде шаңғымен рақаттана сырғанап бара жатқанын анық көруге болады.

 

0 пікір
Мұрағат